Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады.
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Осы орайда, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданындық мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу орталығына барып, балалардың көңілдерін көтеру үшін зиярат етіп қайтты.
Аталған мекемеде 20 қыз бала, 50 ұл бала ем алып жатыр. Азамат Берікұлы сол балаларға қуаныш сыйлап, балмұздақ, түрлі ойыншықтар мен сыйлықтарын табыстады.
Мекеме иелері мен ата-аналар бас имамға разы болып алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі