Қазақта «Басқа амандық, асқа адалдық берсін» деген сөз бар. Бастың амандығы, астың адалдығы қашаннан мәнін жоймаған құндылық болса, бүгінгі таңда оның өзектілігі тіптен артуда. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер! Өйткені ол сендерге ашық дұшпан» («Бақара» сүресі, 168-аят).
Алланың әміріне мойынұсынып бүгінде "халал" ас шығаратын кәсіпорындардың саны артып келеді. Соның бірі - "Дильнұр" шұжық өнімдерін шығарушы цех. Аталған өндіріс орнына Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып, лабараториялық тексерістен сәтті өткен кәсіпорынға сертификатын табыстады.
"Дильнұр" шұжық цехы "ҚМДБ халал" сертификатын бұрынырақ алған, сертификат мерзімі аяқталып, қайта тексеруден сәтті өтіп, бүгінде куәлігін жаңартып отыр. Бас имам халыққа адал ас ұсынып жүрген ұжымға алғысын айтты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі