#Қордай: Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

#Қордай: Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тайғақ кешсе тағасын тайдырмаған, жағаласса жағасын жыртқызбаған халқымыз сан-қилы қиындықтарды бастан өткеріп, соғыс, аштық сынды түрлі нәубетті көрді. Соның тағы бірі - саяси қуғынға ұшырау. 1997 жыл­дан бері жыл сайын елімізде 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні болып бекітілген. 

Елі үшін құрбан болған жандардың рухына құрмет көрсетіп, Қордайлықтар алаңға жиналды. Шараға Аудан әкімі, мемлекеттік қызметкерлер, ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысты.

Көпшілік естелікке тұрғызылған монументтің алдына гүл шоқтарын қойып, имам саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқыды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: