Мешітке шырақ жаққан кісіні пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай сыйлағаны тарихтан белгілі. Сол секілді Алла үйіне қандай да бір жағдай жасаған адамның да сауабы Алладан.
Іскі мешіттерді жөнге келтіріп, келуші жамағатқа жағдай жасау - үлкен береке. Өйткені шариғатымызда "Кімде кім Алланың үйін ретке келтірсе, Алла оның өмірін ретке келтіреді" дейді.
Осындай Алланың үйіне толықтай жөндеу жүргізіп жатқан Масаншы ауылы "Салман Фарси" мешітіне ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып қайтты.
Бас имам күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, ғимараттың іші-сыртын аралады. Құрылыс тобымен кездесіп, жұмыс барысын бақылады. Айта кетейік, мешіт толықтай күрделі жөндеуден өту үстінде.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі