31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Әрбір елдің қуанышты күндерімен қатар қайғылы, азалы күндері де болады. Адам өмір сүргендіктен, ұлт болғандықтан өзінің тарихынан тағылым алып, қайдан шыққанын, қайдан келе жатқанын ұмытпауы керек.
Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Кезінде атылып кеткен Алаш зиялылары бар, қазақтың белгілі марғасқа азаматтары бар, аштық кезінде қырылған біздің ата-бабаларымыз бар. Шамамен тарихшылардың айтуы бойынша сол кезде қандастарымыздың 60 пайызы қырылып кеткен.
Осыған орай аудандық "Қордай" мешітінде 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналып Құран бағышталды. Имамдар мен жамағат марқұмдар үшін дұға жасады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі