Садақ ату сүннеті насихатталды

Садақ ату сүннеті насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әділетті халифалардан болған Омар бин Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген хадисті жеткізген. Осы сүннетке амал ету мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының өкілі Ержан Аманбаевтың ұйытқы болуымен садақ ату өнері көрсетілді.

"Һибатулла Тарази" мешітінің имамдары мен жамағаты табиғат аясына демалысқа шығып, садақ тарту өнерін меңгерді. Садақ тарту өнерін қазақтан шықтан тұңғыш садақшы әлем чемпионы Елдос Бадашев үйретті.

Ұйымдастырушының айтуынша, садақ тарту оңай спорт емес және ол ер азаматтарға өте қажет. Өйткені қазіргі уақытта жастардың кейбіреуі әлсіз, шынықпаған. Ал садақ мергендікпен қатар күшті де қажет ететін ерекше спорт түрі. Сондықтан жастарға осы сүннет болған садақ тарту, дін мен дәстүріміз насихат болды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: