#Т.Рысқұлов: Жастардың қолдауымен «халал асхана» ашылды

#Т.Рысқұлов: Жастардың қолдауымен «халал асхана» ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық «Көкдөнен» мешітінің жанынан құдайы астар, қырқы, қонақастары берілетін және діни іс-шараларды өткізу үшін халал асхананың лентасы қиылды.

Ашылу салтанатына ауданның ақсақалдар алқасының мүшелері, ауданның наиб имамы Қуаныш Досымжанұлы және көршілес ауылдың имамдары мен мешіт ақсақалдары арнайы шақырылды. Ашылу салтанаты жоспар бойынша қазақы ән мен бимен басталып, ақсақалдар бата берді. Сонымен қатар ауыл әкімі асхананың құрылысына үлес қосқан барлық демеушілер мен көмектескен жандарды марапаттап сыйлық табыстады. Және де сыйлы қонақтарға кезек кезек құттықтау сөздері берілді.

Халал асхананың лентасын Қуаныш имам мен ауылдың ақсақалы қиып ақ тілегін айтты. Артынан құрметті қонақтарға арнайы жайылған дастарханға отырғызылып, құран оқып, уағыз-насихаттар жасалып, құттықтаулар айтылды.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: