Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық «Өрнек» мешітінің имамы Төлепберген Бекжанның ұйымдастыруымен, «Елге көмек» қайырымдылық қорының қолдауымен Өрнек ауылынан мұқтаж отбасыға баспана кілті табысталды.
Бір ғажабы, бұл қайырымдылық небәрі бір тәуліктің ішінде жүзеге асырылды. Бұл қайырымды іс - әуелі Алла, одан кейін ауыл жастарының және қайырымдылық қордағы еріктілердің тынбай атқарған еңбектерінің арқасы деп білеміз. Алла әрбір осы ізгі іске үлес қосқан жанның деніне саулық, басына амандық және өміріне береке берсін!
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі