Жуырда Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызының ұйымдастыруымен "Әйел тәрбиесі - қоғам бейнесі" атты 1 айлық семинар бастау алған болатын. Аталған семинардың мақсаты әйелдердің жан-жақты білімды болуын көздейді.
Сондай-ақ аталмыш мақсатпен бірінші "Балаңа мереке сыйла" атты семинары өтті. Бұл шарада қыз-келіншектер жамағаты өз қолдарымен мереке кездерінде сыйлықты қалай жасау керектігін үйренді.
Семинар соңында Фариза Ерболқызына жұмысының жемісті болуын тілеп, көпшілік атынан алғыс айтылып, арнайы сыйлық табысталды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі