Меркі ауданы: Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Меркі ауданы: Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Бұл – ата-бабамыздың Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен қажыр-қайратының арқасында келді.

Уақыт өтуде. Жыл өткен сайын бізге Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Жеңістің қаһармандарын – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!

Осы мақсатта, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен 9 мамыр Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Үлкендердің батасын алуға жаны құмар Азамат Берікұлы соғыс ардагерлерін арнайы зиярат етіп, баталарын алды.

Жамбыл ауылына қарасты  Раимқұлов Қашқынбай, Жүнісалиев Жортан және Ибрайов Иса деген соғыс ардагерлеріміз бар. Солардың көңілін аулау мақсатында, иықтарына шапан, үйлеріне кілем және қаржылай құрмет көрсетілді.

9 мамыр! Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн. Сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған ата-бабаларымыздың рухтарына Құран бағыштап, дұға жасалды.  

Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.

Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және бүкіл қазақстандықтар, сіздерді Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: