Қасиетті Рамазан айы ақталып, ораза айт мейрамында өткіздік. Алайда, мұқтаж отбасылардың мұқтаждығын өтеу мақсатында қайырымдылық өз жалғасын табуда.
Меркі ауданына қарасты Ақермен және Талдыбұлық ауыл имамдарының ұйытқы болуымен 16 мұқтаж отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қайырымдылық ұйымдастырылды. Мешіт имамдары көмек сұрап келген жандардың қажеттіліктерін барынша өтеуге тырысуда.
Көмек алған отбасылар имам-молдаларға разылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі