Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының ұстазы, АТТ мүшесі Ж.Бекназарова "Құраным - өмірлік ұраным! " тақырыбы аясында Құранға түскен шәкірттерге арнап, рухани кеш өткізді.
Рухани кеште адам бойындағы рухани күш пен сенімнің атауы "дін" ұғымына, оның тәрбиеге байланысына шолу жасалып, мұның қайнар көзі Құран Кәрім екеніне ерекше тоқталып, шәкірттерге салтанатты түрде Құран кітабын сыйлап, тәж кигізілді.
Рухани кешке облыс ұстаздары, әжелер алқасы шақырылып, өз тілектері мен баталарын берді. Кеш қонақтарының барлығына арнайы сыйлықтар таратылды. Ұйымдастырушылар қонақтарға сұрақ-жауап, ойын- сауықтарымен, керемет көңіл күй сыйлады. Алла баршамызға қасиетті Құранмен амал етуді жазсын!
"Әл-Әділ" мешітінің баспасөз қызметі