9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Шу ауданындағы бірқатар ауылдарда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, майданнан оралмаған ата-ажелер рухына Құран оқылып, еске алу шарасы өткен болатын. Аталған шараға мешіт имамдары қатысып, жайылған дастархан басында дұға жасап, Отанға деген махаббат туралы уағыз-насихат айтып қайтты.
Атап айтқанда Балуан Шолақ, Актөбе, Далақайнар, Көкқайнар ауылдарында ҰОС арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, мешіт имамдары Алла сөзінен аяттар оқыды. Сонымен қатар Жиенбет, Ақтөбе, Көкқайнар ауылдық құтханаларында ас беріліп, ықылас жасалды.
Алла Тағала осы соғысқа қатысқан ата-ажелер рухына рахым етіп, тірілеріне зор денсаулық бергей!
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі