#ТАРАЗ: Бүлдіршіндерге айттық сыйлықтар таратылды

#ТАРАЗ: Бүлдіршіндерге айттық сыйлықтар таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Баланы жақсы сөзіңмен қуант, үлгілі ісіңмен қуант, өршіл өнеріңмен қуант. Сонда ғана жауақызын жүректегі ақылға сәуле түсіп, шуақты күндерге куә боламыз. Бала – көңілдің гүлі, өмірдің – нұры. «Баланы таба білсең, баға да біл» - дегені бала тәрбиесіне жіті мән берудің, жауапкершілікті іс екенін байқатады. Зымырап өтіп жатқан уақыт талабы да бала тәрбиесін бақылауда ұстауды назарға салып, байбалам тірліктің – басты өлшемі – ұлттың болашағы ұрпақ тәрбиесі екенін меңзейді.

Ал балаға бүлдіршін кезден бастап берілген тәрбие оның негізгі тәрбиесінің іргетасы. Сол себептен де балалар жылда айт мерекесін күтіп жүрсін, дінді танысын деген мақсатпен Тараз қаласына қарасты "Әзреті Әли" мешітінде 35 бүлдіршінге Айт сыйлығы берілді. 

Оны Қанат Жұмағұл бастаған осы мешіттің имамдары табыстады. Сыйлық қорапшасында тәтті сусын, шоколад, "Намаз оқып үйренейік", "Дұға" кітапшасы мен құрма бар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: