Тараз қаласына қарасты "Әзреті Әли" мешітінде көпбалалы, жалғызбасты, әлеуметтік жағдайы төмен 60 отбасыға көмек көрсетілді.
Үйге қажетті барлық азық-түлік алынып, мешітке келіп тіркелген мұқтаж жандарға таратылды.
Мешіттің имамы Қанат Жұмағұл іс-шарада ортаға шығып сөз сөйлеп, күллі мұсылмандардың мерекесі Ораза айтпен құттықтады. Ұлық мейрамның құрметіне жасалып жатқан қайырымдылық науқанын тілге тиек ете отырып, көпшілікке құттықтау айтты.
Көмек алғандар алғыстарын білдіріп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі