#Тараз қаласы: Бір айға жалғасқан қайырымдылық

#Тараз қаласы: Бір айға жалғасқан қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, айналасындағы мұқтаждарды қолынан келгенше қамқорлығына алған халықпыз. Рамазан айында мешіттер тарапынан мұқтаж жандарға берілетін көмек өзге айлардан ерекше болары сөзсіз. Себебі, бұл айда сауаптардың еселенуі үміт етіледі.

Қазіргі нарық заманында да тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға көмектесуді өздерінің міндетіндей көретін қамқор жандардың бірі мешіт имамдары. Имамдардың қасиетті айдағы қайырымдылық шарасы толықтай бір айға жалғасты. Жақсылық жүрген жерде, тапшылық болмайды.

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Орынбасар Орымбайұлы бастаған Тараз қаласына қарасты мешіттердің барша имамдарының ұйымдастыруымен ауызашар ретінде, қаржылай, баспана жағынан, азық-түліктей жалпы жиынтығы 53 577 080 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.

   Қайырымдылық көмекті алған отбасылар имамдарға шексіз алғыстарын білдірді. Имамдар қайырымдылық шараларының бұнымен тоқтап қалмай, жалғасын табатынын жеткізді  

 Амангелді Ембергенов 

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: