АЛЛА ТАҒАЛАДАН ДҰҒАНЫ ДҰРЫС ТІЛЕУ

АЛЛА ТАҒАЛАДАН ДҰҒАНЫ ДҰРЫС ТІЛЕУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әрбір пенде Алла Тағаладан дұға тілегенде  сол жасаған дұғасы қабыл болуын қалайды.  Дұға жасау  мұсылманның қаруы болғандықтан, әрбір дұға жасағанда пенде ыждағаттылық пен табандылықта болғаны жақсы.

Пенденің Алла Тағала алдында (дұға жасау сәтінде) өзінің шынайы мұқтаж болған құл екедігін көрсетуі қажет. Әуелі дұғаның басында Алланың көркем есімдерімен оны мақтап, мадақтап содан кейін пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) және оның отбасына салауат айтқаны абзал.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: « Сендерден ешкім: «Я, Алла! Қаласаң кешір мені. Я, Алла! Қаласаң жарылқа мені» – деп айтушы болмасын. Керісінше, тілекте табандылық білдірсін. Өйткені Алла Тағалаға ешкім нұсқаушы бола алмайды». Яғни, бұлай дұға жасау дұрыс емес. Хадистің жалғасында: «Я, Алла! Мені кешіріп, жарылқай гөр» - деп тілесін.

Негізінде, Алла Тағаладан тілек тілеген адам, тілегінің қабыл болатынына сенімді болуы тиіс. Бұл дұғаның қабыл болу шарттарының бірі. Өйткені Алла Тағала: «Пенде Мен жайында не деп ойласа, Мен сондаймын» - деген.

Кей адамдыр Мен тілеп жатырмын. Кәні бергені деп Алла Тағалаға сын тағып жатады. Дұға қабыл болудың келесі шарты – пенденің өзі, яғни, сөзі амалы дұғаның жүзеге асуына лайық болу. Намаз оқымаған, ішкені арақ, істегені ұрлық болған пенденің дұғасы қайдан қабыл болсын. Жаңбыр менен жер көгерер, дұғаменен ел көгерер деген мақал текке айтылмаса керек.

 Р.Еспенбетов

Мойынқұм ауданының бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: