Қазақ тұрмыс тіршілігінде көрші ұғымы кеңінен қозғалатын тақырыптардың бірі екендігі белгілі. Сол себепті көршіге қатысты мақал – мәтелдер мен ауыз екі сөздердің ел ішінде кеңінен таралып кетуі осының айғағы деп білеміз. «Алыстағы ағайыннан, алдыңдағы көрші артық. Жақынның жаманын ақтама, Көршіңнің ала жібін аттама. Отты үрлейберсең өшіресің, көршіні күндей берсең көшіресің».
Көрші дегенде бірден санамызда сақталған көңілі алып ұшып тұратын ақкөңіл, ашық – жарқын, қуансаң қуанышыңа шашуын ала жүгіретін, қайғырсаң қайғыңа ортақтасатын, аңғал көрші бейнесі елестейтіні белгілі. Бұндай жақсы ойдың ойға келуіде халқымыздың көрші – қолаңмен тату – тәтті тұрмыста болғандығын көрсетеді.
Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) көршілік туралы бірнеше хадисі бар: «(Көршіңе жақсы көршілік жасасаң шынайы мұсылман боласың). (Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, көршісіне жақсы мәміле жасасын). ( Қиямет күні бірінші болып қастасып қалған көршілер жауапқа тартылады).
(Пайғамбарымызға (с.а.с.) пәленше әйел күндіз ораза ұстайды, түнде намаз оқиды. Бірақ сонымен қатар көршілеріне жаман мәміле жасайды – деді. Алла елшісі (с.а.с.): Ол тозаққа түседі. – деп айтқаны бар». Осы айтылған хадистерге қарар болсақ көрші ақысы тәңір қақысы екендігін түсінеміз.
Өкінішке орай, қазіргі таңда көршімізбен араласу жағы азайп қалған тәрізді, оның себебін сол баяғы күйбең тіршілікқой деп өзімізді ақтап жатамыз. Көршіні ренжітіп көңілін түсіруге болмайды, егер ренжіткен болсақ дереу кешірім сұрап ренішін басу керек. Жиі–жиі көршіні үйіңізге қонақ етіп шақырып тұруда жақсы амалдардан. Күйбең тіршілік осы өмірмен тоқтары анық, ал, көрші ақысы ақыреттеде жалғасын табады.
Р. Еспенбетов
Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы