НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ

НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бойымыздан үнемі ажырамай өзінің қалауына жетелеп, адамдарды кері тартпалық әрекеттерге жолықтыратын бір нәрсе бар ол нәпсі.

 Нәпсі кез келген адамның бойынан табылатын құмарлық. Осы өмірді адамдарға барынша қызықты етіп көрсетіп, байлыққа деген махаббат және  дәмді ас пен жақсы киімдерді   үнемі қалатып тұруы бұл нәпсіден деп білеміз.   Адамның ақылын тұмшалайтын нәпсінің ең жоғарғы сатысы ол ер мен әйелдің бір – біріне деген құштарлығы.

Нәпсінің жетегіне еріп кету  адамды құрдымға түсіріп жарға жығатындығы белгілі.   Сол себепті нәпсіні тұсаулап ұстап, оны ақыл тәрбиесінің шеңберінде ұстаған жөн.

Бір данышпан былай деп айтқан екен «Нәпсісіне жеңілген пенде оның қалауларының артынан еріп жүріп нәпсінің хателіктеріне ұрынады. Нәпсісі оның жүрегін көптеген пайдалардан мақұрым қалдырды. Дене мүшелерін нәпсісінің қалауларымен суғарғандар жүрегіне өкініш ағаштарын тігеді».                                                

Алла жандыларды үш түрде жаратқан.                                                   

1.  Періштелер. Алла періштелерге ақыл берген, бірақ күнәға жетелеуші нәпсі бермеген. 

2.  Хайуанаттар. Алла хайуанаттарға біздің түсінігіміздегідей ақыл берген емес, бірақ нәпсі берген.   

3.  Адамзат. Алла адамзатқа ақыл да, нәпсіде берген. Кімнің дене құмары ақылына үстемдік қылса, ол хайуанна төмен жағдайға түседі. Кімнің ақылы нәпсісіне үстемдік қылса, ол періштелерден де жоғары деңгейге шығады.

Нәпсі  тәрбиелеу туралы ұлылардың сөздері: Сүлеймен (а.с.) пайғамбар былай деген екен: «Нәпсісін тәрбиелей алған кісі жалғыз өсі жер жүзін бағындырған батырданда күшті».   

           Лұқман данышпан айтады: «Ұлым! Ұйқыда және тамақта шектен аспа. Себебі көп жеп, көп ұйықтағандар қиямет күні есеп беруге жаман жағдайда келеді, олардың ешқандай жақсы істері болмайды». 

          Пайғамбарымыз (с.а.с) былай деген: «Көп жеп, көп ішумен жүректеріңді өлтірмеңдер. Өйткені көп суғарылған өсімдік тамыры шіріп қурап қалғандай, жүректе (көп жеп, ішуменен) өледі».                                                  

Демек адам өз нәпсі қалауын пайдалану жолында білім, ғылымға көңіл бөліп,  жақсылыққа жетелейтін нәпсі мен жамандыққа жетелейтін нәпсіні ақыл таразысына өлшей отырып, өзімізді рухани құлдыраудан аман сақтап қалатын амал ол білім екен. Сол білімге шынайы түрде амал жасау қажетті екендігін дініміз  ұғындырып тұр.      

 Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы

Мойынқұм ауданының бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: