Көріскенше, Рамазан!

Көріскенше, Рамазан!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыға күтіп, сағынып жүрген қасиетті Рамазан айы да көзді ашып-жұмғандай зу етіп өте шықты. Әрбір мұсылман Рамазан айы жақындаған сайын өзін-өзі тәрбиелеп, осы айда осынау бір жақсы амалдарды жасауым керек деп нақты жоспар жасап, алдына мақсат-мүдделер қоятыны ғажап емес. Ал Рамазан айы өтіп кеткен соң, біреулер алдына қойған мақсаттары орындалып – бақытқа кенеліп, иықтарынан бір ауыр жүк түскендей жүрсе, енді біреулер жандары жай таппай, қабақтарына кірбің ұялап жүргендері.

Бұл топтағы адамдар Құранды лайықты түрде оқуға дұрыс көңіл қоймағандар не болмаса ораза ұстау барысында біреулермен ренжісіп қалғандар және тағысын тағылар. Ондайлар ортамызда аз емес қой, келісесіздер ме? Ин ша Алла, келесі жылғы Рамазан айында биыл жіберіп алған олқылықтарымыздың орнын толтыруға Алла Тағала нәсіп етсін! Өзіме, сіздерге, күллі мұсылман қауымына биылғы Рамазан айы мол рухани игіліктер нәсіп етсін! Осы Рамазан бұл баянсыз өмірде ненің маңызды екенін түсінуге, ал нені өткен шақта қалдыруға болатындығын ұғынуға көмектессін! Өткен Рамазан айы біздің алдымыздан рухани тұрғыдан жетістіктер мен бақытқа жетудің жаңа жолын ашсын!

Шын ниетіммен дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін, үйлеріңізден балалардың шат күлкісі арылмасын, жүректерінде иманы бар шынайы да адал достар тілеймін! Алла Тағала жүректеріңізге берік иман ұялатып, үздіксіз рухани даму жолында болуға және үнемі таза пейілде болуға нәсіп етсін! Қайғы-мұңсыз, ауыртпашылықсыз өмір болмайды, алайда өне-бойымыздағы ең ауыр «жүгіміз» – жүрегіміздегі берік те судай тұнық иманымыз болуға жазсын Алла!

 Ақерке  Сыдықова

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: