#Меркі ауданы: Миллион теңге зекет таратылды

#Меркі ауданы: Миллион теңге зекет таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Раббымыздың сыйы болған Рамазан айында Меркі ауданы, Тәтті ауылы бойынша миллион теңге зекет таратылды.

Алла ісіне береке беріп, нығметіне бөлеген кәсіпкер бауырымыз ауылдағы жетім-жесір, көп балалы жанұяларға, сондай-ақ, басқа да мұқтаж жандарға зекетін ақшалай өз қолымен табыстады. Көмек 10 отбасыға 100 000 теңгеден үлестірілді. Көмек алған отбасылар өз ризашылықтарын білдірді.

Реті келгенде, «Зекет» қоры атынан асыл дінімізді ұлықтап, парыз амалдарды халыққа үйретіп, оның ішінде зекет турасында насихат жасап жүрген ауыл имамы Асхат Көпбосынов бауырымыздың ерең еңбегін атап өткіміз келеді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: