Жомарттық– адам бойындағы ізгі қасиет. Жомарттық – қолында байлығы бар азаматтың мұқтаж жандарға жасайтын қайырымдылық көмегі. Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінде мың айдан да қайырлы қадір түнінің қарсаңында "Қадір түнінен қайырым" атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Игі іс-шараға демеушілік еткен, Меркі ауданының кәсіпкер азаматы. Қасиетті түн алдында 30 отбасыға азық-түлік табысталды. Айта кетсек, кәсіпкер ағамыз осы Қадір түнінің құрметіне 250 адамға ауызашар, 200 адамға сәресін ұйымдастырып, Қадір түніндегі іс-шараларға демеушілік етті.
Бас имам кәсіпкер ағамызға өз алғысын білдіріп, отбастарына, кәсіптеріне береке тілеп дұға жасады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі