Меркі ауданына қарасты Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің имамы Жанболат Олжабаевтың ұйытқы болуымен, ауыл жастары Рамазан айын тиімді пайдалану мақсатында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Игі іс-шара 7 отбасын күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті. Оның ішінде ұн, май, қант, макарон, ет, тәттілер, күріш т.б. заттар қамтылған.
Көмек алған отбасылар жастарға өз ризашылықтарын білідіріп, баталарын берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі