Жоқ-жітікке қарайласу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.
Меркі ауданы, Мыңқазан ауылы «Сиқымбай ата» мешіті осы аптада мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қоса мұқтаж болған 5 отбасына ұн, макарон, өсімдік майы, қант, күріш, қарақұмық, халва, шай, ет және басқа да азық-түлік толы себеттер ұсынды.
Өз кезегінде көмек алған азаматтар да мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

