#Т.Рысқұлов: «Қадір түні – қасиетім» атты кеш өтті

#Т.Рысқұлов: «Қадір түні – қасиетім» атты кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» аудандық мешітінде Қадір түні күтіліп, жоспар бойынша түрлі сауапты іс-шаралар мен құлшылықтар жасалды. Атап айтар болсақ, қасиетті Рамазан айының Қадір түні шам намазынан кейін мешіт жамағатына ауызашар берілді. Құптан намазының алдында ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы «Қадір түнінің артықшылығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Құптан, тарауық намаздары оқылып, тарауих намазында Оразаның құрметіне түсіріліп жатқан Құран Хатым аяқталып, жамағатпен хатым дұғасы жасалды.

 Артынша, 30 күн оразада Құранды бастан аяқ оқып тарауих намазын өткізген қариларға «еңбектің тері кеппей тұрып, ақысын бер», деген сөзді басшылыққа ала отырып, мешіт жамағатының ұйымдастыруымен астарына ат мінгізіп, иықтарына шапан жабылды. Сонымен қатар, дәретхананы күрделі жөндеуден өткізген бауырларға да сый-сыяпат жасалып, иықтарына шапан жауып, мешіт имамдары жамағаттың алдында өз алғыстарын білдірді.

Қасиетті түнді мешітте өткізуге келген тұрғындарға діни сұрақ-жауаптар жасалып, сыйлыққа кітаптар табысталды. Мешіттің наиб имамы Қуаныш Түзелбеков «Құран түскен түн» атты тақырыпта жамағатқа уағыз айтып, артынан тәсбих намазы оқылды. Осы құлшылықтардан кейін арнайы дастархан жайылып, мешіт ауласында сәресі берілді.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: