#Қордайда 43 адамға қайырымдылық жасалды

#Қордайда 43 адамға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді шариғатымыз. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.

Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған.

 

Міне, осы қанға сіңген дәстүрді жалғастрып келе жатқан Қордай мешіттері Рамазанның соңғы 10 күндігінде қаржылай көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, Қаракемер ауылдық мешіті 6 отбасыға 110 000 теңге, Жамбыл ауылдық "Әл-Хафиз" мешіті 14 адамға 200 000 теңге, Қақпатас  ауылы 10 адамға 150 000 теңгеге, Кенен ауылдық мешіті 3 адамға 25 000 теңге, Бетқайнар ауылдық мешіті 10 адамға 80 000 теңгеге қаржылай және азық-түлікпен қайырымдылық жасады.

Жалпы 43 адамға арналған жәрдем үшін 565 000 теңге қаражат жұмсалды. Мұндай игі іс Рамазанмен тоқтап қалмай жалғасын алдағы уақытта да таппақ.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: