#Қордай: Мектеп оқушыларымен діни жүздесу жасалды

#Қордай: Мектеп оқушыларымен діни жүздесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуді бұйырады. Дінімізде жастардың орны ерекше. Жастар қоғамның болашағы. Ал болашақты бекемге алу үшін жастарға аса мән беру керек. Осыған орай, Қордай аудандық мешітінің наиб имамдары Нұрбол Солтанбек пен Бекзат Жұмабайұлы мектеп оқушыларымен кездесіп қайтты. 

Жастарға исламды дұрыс ұстану, дұрыс түсіну турасында насихат жүргізді. Жастар бір мемлекеттің ертеңгі құрушысына немесе бұзушысына айналады. Бір ұлттың ұлт болып қалуына кепіл тұлғалар. Жүрегінде иманы мен отанына, ұлтына деген сүйіспеншілігі бар жастар мемлекеттің тәуелсіздігі үшін ең үлкен кепілдік болмақ. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелесең, болашағың соншалықты зейнетті болмақ. Ал өзіндік ұстанымы мен пікірі болмаған жастар әркімнің жетегінде кетіп, елдің сорына айналады.

Имандылыққа бетбұру, дін ұстану тек жасы келген жандар үшін ғана парыз емес. Алла құлшылықты кемпір-шалға ғана бұйырмаған. Балиғат жасына толған әрбір мұсылманға парыз еткен. Алайда күші бойына сыймай, алып ұшқан жастардың көпшілігі дінді қартайғанда, бойдан қуат кеткенде ұстаймын деп ойлайды. Құлшылыққа асықпай, жастық шақтың қызығына тоймай уақытын бос нәрсемен өткізіп алады. Әрине барлық нәрсе шектеулі, өлшеулі. Міне, осы ойды жеткізіп, имадар жастарға түрлі ағымдарға серік болмай ата дінізбен жүрді насихат етті.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: