Қордай аудандық мешітінде өткізілген Қадір кешінде таң намазына таяу уақытта "Алланың 99 көркем есімі" бойынша жарыс ұйымдастырылды.
Егер, Алланың көркем есімдерін жатқа қайталап, содан соң тілегіңізді айтатын болсаңыз, міндетті түрде орындалады екен. Бұған Құран Кәрімдегі «Ағраф» сүресінің 180-аяты дәлел. Онда «Алланың көркем есімдері бар, солар арқылы Оған дұға қылыңдар. Оның есімдерін теріске шығарғандарды қоя беріңдер, олар қолекі істегендерінің сазайын тартады» делінген.
Міне, осы мақсатта жамағаттың Алланың көркем есімдерін жаттауға ықыласын арттыру үшін де аталған сайыс өткізілген еді. Жамағат арасынан суырылып шығып, қатесіз, шатаспай жауап берген Бүркіт есімді азамат сайыстың жүлдегері атанды.
Мешіт имамдары сыйлығын табыстап, батасын берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі