Қордай аудандық мешітінде Рамазан айының құрметіне тарауық намазында оқылып жатқан Құран хатымы аяқталып, дұғасы жасалды.
Қасиетті қадір кешіне тұспа-тұс келген хатым дұғасы көпшілікпен жасалып, аудан бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Құран хатымын өткізген 2 қариға алғыс білдіріп, ақысы ретінде сыйақы табыстады.
Тарауық намазынан соң жасалған әсерлі хатым дұғасында көпшілік те іштен тілеуін тілеп отырды. Мешіт ақсақалдары жас қариларға баталарын беріп, алғыс айтып шығарып салды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі