Бүгінде әлемді алаңдатқан экстремизм мен терроризм мәселесі біздің еліміз үшін де шетін тақырып еместігі белгілі. Жүздеген ұлттар мен этностың, бірнеше дәстүрлі конфессиялардың басын қосқан еліміздің ерекшелігін теріс мақсатта пайдаланғысы келетін топтардың төбе көтермей қалмасы да айқын.
Осыған орай, ата дініміз бен жат ағымның ара-жігін айырып түсіріндіретін насихаттар артты. Оның бірі Қордай ауылдық мешітінің имамы Ерлан Лугмаров Қордай өрт сөндіру қызметкерлерімен кездесіп, жат ағым өкілдерінің ұстанымдары, қателіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Имам өрт сөндіру қызметкерлерінің сұрақтарына дәйекті жауаптар беріп, діні дұрыс ұстанудың маңызын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі