#Қордай жамағаты Қадір түнінде сыйлықтарға ие болды

#Қордай жамағаты Қадір түнінде сыйлықтарға ие болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық орталық мешітінде қасиетті Қадір түні жамағатпен бірге күтіліп, қадір кеші өткізілді. Рамазан айының соңғы он күніне жасырынған қасиетті түнді «Қордай» мешіті жоғары деңгейде қарсы алды. 

Бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құранда: «Қадір түні мың айдан да қайырлы», «Қәдір» сүресі, 3-аят - деп баяндалады.
Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түні «Қордай» мешітінде орын шаншыр жер болмады.

Құран оқылып, уағыздар айтылды, сонымен қатар жамағаттың білімін шыңдау мақсатында сұрақ-жауап өткізіліп, бағалы сыйлықтар табысталды.

Барлық сұраққа жауап берген жамағатқа кітаптар мен қатар өзге де сыйлықтар берілсе, ең үздік шыққандарға 1 орын үшін 20 000 теңге, 2 орын үшін 15 000 теңге, 3 орын үшін 10 000 теңге қаржылай сыйлықтар сыйланды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: