"ҚМДБ Халал" сертификатына үміткер Тараздық "Abayas", "Chef Star", "Счастье" дәмханалары тексерістен өткізілді.
Кәсіпорындарға ҚМДБ Халал Даму ұйымының Жамбы облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов пен Абылайхан Ғабитұлы арнайы барып, ас мәзіріндегі барлық тағамды тексерді. Сонымен қатар лабораторияға үлгілерін жолдады.
Мамандар ғимараттың, ас дайындалатын орындарының тазалығын, тағам, азық-түлік қоймасын толықтай аралып шығып, тізімге сәйкес талаптардың орындалуын қадағалады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі