ASATU.KZ және "Бір асым етке" өндірістері тексерістен өтті

ASATU.KZ және "Бір асым етке" өндірістері тексерістен өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халал асқа сұраныс күн санап артып келеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір түйір харам ас жесе, оның қырық күн намазы қабыл болмайды», – деген. Сондықтан да құрамына 1 түйір арам астың түсіп кетпеуі үшін "ҚМДБ Халал" сертификатын алған кәсіпорындар толассыз тексерілуде.

Жамбыл облысының ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов пен технолог Абылайхан Ғабитұлы TM ASATU.KZ және TM "Бір асым етке" өндірістерін тексеріп қайтты. 

Мамандар өнімді даярлауға қатысып, сақталуын, тазалығын бақылады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: