Рамазан айы қайырымдылық айы, бұл ай сауаптар еселенетін ай. Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауыл имам-молдалардың қатысуымен «Рамазан – Ихсан айы» атты жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты, ауданға қарасты ауыл имамдарының қызметін бағалап, осыншама жыл атқарып келген қызметін ескеріп құрмет көрсету еді.
Осы орайда ауданға қарасты имамдардың арасында белсенді, абыроймен бірнеше жыл қызмет етіп келе жатқан имамдарға алғыс айтылып, қаржылай көмек көрсетілді.
Бас имам бұл игі істің өз жалғасын табатынын айтып, имамдарды шаршамай, шалдықпай, Алла жолында қызметтерін ары қарай жалғастыру керек екенін атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі