#Меркі ауданы: Қасиетті айда ЗЕКЕТ берілді

#Меркі ауданы: Қасиетті айда ЗЕКЕТ берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала:  «Және намазды (дұрыс болу шарттарына сай етіп) оқыңдар, әрі (толық) зекет беріңдер», - деп бұйырған («Бақара» сүресі, 43-аят).

Меркі ауданы, Кеңес ауылының имамы Молдашев Нұрболдың ұйытқы болуымен, Кеңес ауылы тумасының демеушілігімен 9 мұқтаж отбасыға «Зекет» малы таратылды.

Жергілікті имам: «Рахым айында берілген садақаның сауабы еселеп артады. Сондықтан жағдайы бар адамдар ораза кезінде Зекет беруге асыққаны абзал. Рамазан айында ауылымыздың азаматы 9 қойды зекет ретінде 9 отбасыға таратуы – Алла Тағаланың бұйрығына бағынуы деп бағалаймыз. Біз басқа да кәсіпкер азаматтарды өз Зекетін мұқтаж отбасылармен бөлісіп, осындай сауапты іске атсалысуға шақырамыз», - деді Молдашев Нұрбол.

Көмек алған отбасылар өз рахметтерін айтып, кәсіпкердің отбасына, мал-дүниесіне береке тілеп ризалықтарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: