Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Қазақ халқы көрші ақысын жете түсінген. «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деп қоңсылықты ерекше қадірлеген. Жан-жағында тіршілік етіп жатқан жандармен әрдайым тату тұрған. Сондықтан да бауырды да, басқаны да жанына жақын тартып, көмек берген.
Осы мақсатта, Меркі ауданына қарасты Қазақдихан ауылы «Әкімжан ата» мешітінің имамы Ұшақбаев Ержанның бастамасымен ауыл кәсіпкері бір жылқы сойып, қасиетті айда қайырымдылық жасады.
Қайырымдылық көмек, ауылдағы көрші-қолаңға, 12 мұқтаж отбасыларға берілді. Көмек алған отбасылар алғыстары білдіріп, ұйымдастырушыларға дұға жасады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі