#Меркі ауданы: Парасатты имам

#Меркі ауданы: Парасатты имам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні білімді болуды бұйырады. Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырады. Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. 

Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен, ауданға қарасты имамдардың арасында «ПАРАСАТТЫ ИМАМ» атты білім сайысы өтті.

Сайыс Құран оқумен басталып, аудан бас имамы Азамат Берікұлының сөзімен жалғасты. Бас имам: «Бұл іс-шара имамдардың білімін шыңдау үшін ұйымдастырылып отыр. Білесіздер дініміз білімді болуға үндейді.

Бізді жоқтан бар еткен Алла соңғы елшісіне, біздің сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке с.а.с: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді,» -деп, Құранның ең алғашқы аяты «оқы» деп түскен.

Пайғамбарымыздың   хадистерінде  де  ілім  жайында  аз  айтылмаған.  Тіпті, Пайғамбарымыз сахабаларына ілім алуды өзі бастап үйреткендігін тарихтан білеміз.

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) білім турасында машһур хадисте былай айтқан: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», деген.

Біз дінді жеткізушіміз, бізден талап өте жоғары. Дінді сізбен бізден үйренеді. Сондықтан имамдардар білімді, парасатты, даналық иесі болу керек», - деп, сайыстың мән мақсатын атап өтті.

Сайысқа төрелік еткен қазылар алқасы Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Берік Дүйсенбайұлы,  Меркі ауданында 13 жыл бас имам міндетін абыроймен атқарған, қазір «Қарабала Төре» мешітінің имамы Батырбек Жақсымбетұлы және Құран хатым етуге арнайы шақырылған қариымыз Махмұджан Рахымжанұлы.

Сайысқа ауданымыздың 12 қызметкері қатысты.

Сайыс 3 кезеңнен өтті.

1-ші кезең: Киім үлгісі (ақ көйлек, сәлде, шапан).

2-ші кезең: Азан айтып, дұғасын жасау және Құран оқып, ережелерін айтып беру.

3-ші кезең: Сұрақ-жауап пен берілген тақырыпта Құран аяттары мен хадис келтіріп уағыз айту.

Сайыстан үздік шыққандарға жүлделер табысталды.

1-ші орын 100 000тг. Қасымалиев Дастан «Жүніс молда» мешітінің имамы.

2-ші орын 75 000 тг. Тохтамуратов Батыр «Меркі ата» мешітінің азаншысы.

3-ші орын 50 000 тг. Алпысбаев Есбол «Меркі ата» мешітінің ұстазы.

4-ші орын 25 000 тг. Көпбосынов Асхат «Тәтті» мешітінің имамы.

Және де осы игі іс-шараға атсалысып, қатысып білімдерін шыңдаған имамдарға 10 000 тг қаржылай алғыс білдірілді.

Жиын соңында Меркі ауданының әкімінің орынбасары Берік Дүйсенбайұлы сөз сөйлеп, Ислам дінінмен біте қайнасқан салт-дәстүрімізді дәріптеп, жеткізіп жүрген имамдарымыздың қызметін жоғары бағалап, алғысын білдірді.

Бас имам осы игі іс-шараға демеушілік жасап, имамдарымыздың қызметтеріде ескерусіз қалмайтынын көрсеткен азаматтарымызға өз алғасын білдіріп, отбасы бала-шағаларына, кәсіптеріне, қызметтеріне Алладан береке сұрап, дұға жасады.

Бұл игі іс-шара өз жалғасын табатынында атап өтті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: