Рамазан - берекеге толы ай. Бұл береке дәулетті адам мен мұқтаж отбасыларды да қамтыған. Меркі ауданы, Сұрат ауылы «Сұрат» мешітінің имамы Абдрахманов Азаматтың ұйымдастыруымен ауыл кәсіпкерлері «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Ауыл жанашырлары ауылдағы көмекке мұқтаж 15 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен ақшалай көмекті, сый қылсаң сыпыра қыл демекші үй-үйге жеткізіп берді.
Көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.
Осындай игі іске демеушілік жасап жатқан барша азаматтарымызға Алла разы болсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі