#Шу: «Төле би» мешіті тотыдай түрленді

#Шу: «Төле би» мешіті тотыдай түрленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдынғы жазбаларымызда Шу ауданының әкімшілік орталығы Төле би ауылындағы «Төле би» мешітінде күрделі және ағымдағы жөндеулер өткенін жариялаған болатынбыз. Бүгін тағы біткен іс туралы баяндамақпыз.

Мешіттің іргесіндегі  қарауыл бөлмесі, оқу сыныбы, имам бөлмесі мен асхана орналасқан ғимараттың іргетасы сәнделіп  сыланды.  Кейін сырланды. Сонымен қатар баспалдақтар керама гранит тасымен әрленіп, темір жақтаулар орнатылды. Сондай-ақ  мешіттің іргетасы боялды.

-Алла үйінің әрленіуіне атсалысқан әрбір азаматқа алғыс айтамын. Алла олардың өмірлеріне, кәсіптеріне береке берсін! Дәйім жақсылық жасаушылардан етсін. Ұзаққа созылған жоспарымыз ойдағыдай орындалды. Ойда бірнеше жұмысты жоспарлап отырмыз. Мешіттің гүлденуінде жамағатымыздың үлесі зор,-дейді «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы разылық кейіппен.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: