Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Атап айтқанда арнайылап сойылған 2 қойдың еті жіліктеліп аз қамтылған Төле би ауылының тұрғындарына таратылды.
Мешіттің азаншысы Ибрагим Жалалиев 10 отбасыға ет салынған себеттерді үлестіріп, көмек алған кісілердің батасына бөленіп қайтты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

