#Шу: Ауызашар да, айтар уағыз да аз емес

#Шу: Ауызашар да, айтар уағыз да аз емес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының әр күнін барынша сауаппен өткізу қажет. Бұл айда мұсылмандар таң атқаннан кеш батқанға дейін ауыз бекітіп, қарны ашқанымен қатар рухани нәрге шөлдейді. Соны ескерген шулық имамдар аянып қалмауда.

Шу ауданы Белбасар ауылындағы Хати Сауранбай атындағы мешіт асханасында ауызашар берілді.Онда ауыл имамы Бақыт Тілемісов жиналған жамағатқа ауызбіршілік турасында, зекет турасында уағызын айтты.

Сол секілді Қонаев ауылының жамағаты  да ауызашарда бас қосты.  Дәм басында Ердәулет Құлыбек уағыз айтып, асыл дінімізден сыр тарқатты.

Сондай ауызашардың бірі Шу қаласындағы «Тоғай» мешітінде де өткен болатын. Жайылған дастархан басында мешіт имамы Мағжан Мұратұлы құран оқып, ықылыс қылды. Артынан көпшілікке уағыз айтты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: