Жуырда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы Шу қаласындағы «Жібек жолы» лицейінде болып қайтты. Онда бас имам осы мектептің оқушыларымен кездесіп, оларға теріс діни ағымдардың зардаптарын әңгімелеп берді. Ұйып тыңдаған оқушылар бас имамға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды.
Сонымен қатар Бахтияр Амантайұлы жастарға насихат жасап, оларға ақырын жүріп, анық басуды, асыл дініміз бен дәстүрімізді берік ұстану керек деген кеңес берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі