Жақында Шу ауданы Бірлікүстем ауылдық мешітіне ауыл азаматы демеушілік танытып, 20 мың теңгеге 2 дана дауыс шығарғышты сыйға тартты. Аталған азаматқа мешіт имамы Жетпісбай Әлімбеков разылығын білдіріп, алғысын айтты.
Сондай-ақ Дулат ауылдық округіне қарасты Бөлтірік ауылдық мешітіне қайырымды азаматтар бейнекөрсетілім үшін проекторды тарту жасады. Бейне уағызды көру үшін бұл құрылғы таптырмас дүние. Мешіт имамы Біржан Мұңалбеков азаматтарға алғысын жеткізіп, Алла разы болсын деп батасын берді.
Сонымен қатар ол осы мешіттің асханасында берілген ауызашарға қатысып, ауыл тұрғындарына асыл дініміздің қайнарларынан сусындатып, әсері мол уағызын айтты. Жамағаттың сұрағына жауап беріп, насихат етті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі