Жақында Шу ауданындағы «Төле би» мешітінде «Рамазан-кешірім айы» тақырыбында имамдарға арналған тренингі өткен болатын. Онда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы мен наиб имамы Талғат Кәрібайұлы қала мен ауылдағы ауданға қарасты мешіт имамдарымен кездесті.
Кездесу барысында жұмыс барысын пысықталып, алда келе жатқан Қадір түніне қандай шаралар өткізу керектігі айтылды. Сондай-ақ мешіт имамдарының жұмыс жөніндегі сұрақтарына жауап беріліп, мешіт ісіне қатысты тиісті бағыт-бағдарлар берілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі