#Шу: Зекеттер таратылуда

#Шу: Зекеттер таратылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зекет-асыл дініміздегі абзал амалдардың  бірі.  Ол туралы қасиетті Құранның көп аяттарында айтылған. Сол секілді әрбір мұсылманның мойнына жүктелген негізгі бес парыздың тармағы. Оның өзінде ерекше мейірімді Раббымыздың әмірімен дүние-мүлкі бар мұсылманға жүктелген.

Жылына бір мәрте берілетін зекетті сауабы еселеп жазылатын Рамазан айында беруге барша мұсылман талпынады. Солардың ішінде Шу ауданының атпал азаматтары да бар. Апта ішінде берілген зекеттерге тоқталсақ..

  Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітінің жамағатының бірі бұзаулы сиырды зекет ретінде берді. Аталған мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы сол игіліктің куәсі болып,  ірі қара малына ие болған отбасыға зекет  туралы түсіндірді. Сондай-ақ алушы мен берушіге Алладан дұға етіп, қабыл болсын деді.

Сонымен қатар осы мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы мен азаншысы Ибрагим Мұстафаұлы зекет түрінде берілген 12 бас қойды тиісті иелеріне таратты. Түліктерді табыстай отырып оларға келе жатқан Қадір түні туралы айтылып, келешекте зекет берушілерден болсын деген тілек айтылды.

Одан бөлек Белбасар ауылындада 2 бас қой, Бірлікүстем ауылында 1 бас қой зекет  санатында берілсе, Баласағұн ауылындағы бір отбасыға 1  лақты ешкі садақа ретінде берілді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: