#Шу: Алла үйі ажарланып келеді

#Шу: Алла үйі ажарланып келеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт - Алланың үй.  Мұсылмандардың құлышылық ететін орны. Сонымен қатар үлкен тәрбие мектебі мен түрлі діни жоралғылар орындалатын жер. Сондықтан мешіттің ішкі және сыртқы көркіне көңіл  бөлу, көмектесу жамағатқа жүктелген сын. Себебі мешітіне қарап жамағатын танып,  адамдардың асыл дінге деген көзқарасын білуге болады.

Таяуда Шу ауданы Бірлік ауылының жамағаты жұдырықтай жұмылып мешіт жанынан соғылып жатқан дәретхана құрылысына жәрдем берді. Олар жүк көлігіне тиелген кірпішті түсіріп, мешіт имамы Медет  Жұматаевтың алғысын алды. 

Сол секілді Жаңажол ауылындағы «Күнту баба» мешіті де ажарлана түсті. Атап айтқанда мешіттің дәретханасы заманауи үлгіге сай күрделі жөндеу көрді. Ендігіде жамағат жайлы орында дәрет алмақ. Сондай-ақ жамағат жиі бас қосатын мешіттің асханасына жаңадан терезелер орнатылып, мешіт көркіне көрік қосылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: