Жақында Шу ауданы Көктөбе ауылындағы «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов өңір ішінде бірнеше кездесу өткізіп, өткір мәселелерге тоқталып қайтқан болатын.
Е.Ақпановтың алғашқы кездесуін Көктөбе ауылдық амбулаториясымен өткізді. Ақ халатты абзал жандармен болған жиында бірлік тақырыбы сөз болып, қажетті насихат айтылды.
Кейінгі кездесу Шу ауданындағы №37 бокс мектебінде жалғасты. Онда имам мектеп шәкірттеріне «Деструктивті діни ағымдардан сақтану» жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалардың сұрақтарына жауап беріліп, оларға ағалық ақыл айтылды.
Шу қаласындағы Төле би атындағы орта мектебі мен теміржол колледжінде өткен басқосуларда терроризм, радикализм тақырыптары тұздық болды. Оқушылар мен студенттерге тура жол туралы түсіндіріліп, жат ағымдардан аулақ болу керектігі жеткізілді.
Сонымен қатар Белбасар ауылындағы Хати Сауранбай атындағы мешітте тәжірибеден өтуші тәлімгер, һибатулла Тарази медресесінің шәкірті Аян Сатарқұл да ауылдық клубта мектеп оқушыларымен жүздесті. Жүздесу барысында ол оқушыларға дін мен дәстүр сабақтастығы туралы түсіндірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі