#Шу: Тасаттық беріп, ет таратты

#Шу: Тасаттық беріп, ет таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қабырғалы халқымыз  қандай бір істі бастамас бұрын құрбан шалып, құран оқытқан. Мал қонды, егін өнімді болу үшін жаңбырдың қажеті көп. Кейде белгілі бір өңірлерде ұзаққа дейін жаңбыр жаумай қалады. Ондай асыл дініміздің ұстанған жұртымыз тасаттық беріп, Алладан жауын сұрап дұға етеді.

Жақында Шу ауданы Далақайнар ауылында ауқымды шара өтті. Аталған шарада ауылдың қалталы азаматтары жиылып тасаттық берді. Сойылған   10 бас қойдың еті ауылдағы мұқтаж 30 отбасыға таратылды.  Ауыл тұрғындары өзеннің жағасына барып, Алладан жаңбыр жауып, жайылым көкке толып, егіндері бітік болуын сұрады. 

Аталған жиында ауылдық мешіттің имамы Дүйсенғали Көдебай да болып, Құран оқып, дұға жасады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: