#Шу: Қайырымдылық қабыл болар іс

#Шу: Қайырымдылық қабыл болар іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таяуда Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы  «Қойайдар» мешітінің имамы Аян Смайылдың ұйымдастыруымен 1 бас қой сойылған болатын. Раббымыздың  разылығы үшін сойылған малдың еті көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратылды. Жалпы жұмсалған қаражат 70 мыңды  құрап отыр.

Сол секілді Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков осы ауылдың 1984 жылы туған азаматтары ұйымдастырған қайырымдылық  шарасына куә болды. Осы жылғы ауыл тұрғындары 160 мың теңге жинап, 10 отбасыға азық-түлік себетін таратып, мекендестердің мерейлі жүзін көрді.

Сонымен қатар аудан орталығындағы «Төле би» мешіті де қайырымдылық шарасын өткізіп, 3 отбасыға азық-түлік себетін тарту етті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: