ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі мен облыстағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Нұргүл Алиханқызының ұйытқы болуымен орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің әйел қызметкерлеріне ауызашар берілді.
Расулулла (ﷺ): «Оразашыны тамақтандырған ораза ұстағанның сауабын алады. Әрi бұл ораза ұстаушының сауабы кемiтiлмейдi» - дейді. Мұндай игі іске мұрындық болған ұстаз: "Жұмыстан бөлек уақытта бас қосу - әйел қызметкерлердің ұйымшылдығын әрі ауызбіршілігін арттырады" - деп ұйымдастырудағы негізгі мақсаттарының бірін атап өтті.
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді дана халқымыз. Мұсылмандардың ең ұлық мерекесінде Алланы еске алатын жиындай көп болғай.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі